» Материалы за 15.05.2016

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Салауатты өмір салты

Автор: admin от 15-05-2016, 03:29, посмотрело: 1683

55

Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.

Денсаулық сақтау шаралары

Қимыл белсенділігі

 

сұрау zhүgіru фотосуреттегі суреттер

 


 

 


 

Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.

 

 

Organizmdі shynyқtyru <! - EndFragment ->  

 

 


 

Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Дұрыс толыққанды тамақтану<!-- EndFragment -->  

 

 

 

Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.

Жарақаттың алдын алу

Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану сияқты әр түрлі жарақатты болдырмау. Жарақаттарға әр түрлі жағдайларда душар болады: көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағанда, электр құралдарын дұрыс пайдаланбағанда, улы өсімдіктер мен саңылауқұлақтарды пайдаланғанда т.б. жағдайларда.

Жұқпалы аурулардың алдын алу

Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.

Зиянды әдеттерден алшақ болу

Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.

Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау

Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу - бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.

Экологияның денсаулыққа әсері

Адам организміне қоршаған орта факторларының әсері туралы білім, қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай білу денсаулықты сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға арналған ЕРЕЖЕЛЕР

 

 

 

Осы Ереженің мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай  туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп  тұруына қауіпсіздік  жасау.

 

ОҚУШЫЛАР: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар  мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік Ережені сақтауға міндетті.

1.   Оқушылардың сыртқы келбеті.

·        Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге: (киім үлгілері мектеп сайтында бар)

1-4 сыныптар:   юбка (шалбар), қара  немесе жасыл  түсті пиджак, ақ түсті блузка.

                  5-8 сыныптар:  юбка (шалбар), қара түсті пиджак, ақ түсті блузка.

                  9-11 сыныптар: қара түсті, классикалық (іскер) үлгідегі костюм.

·        Косметиканы қатты жағып және сәндік бұйымдарын шамадан тыс тақпауға ұсыныс жасалады.

·        Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек. 

·        Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.

·        Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.

·        Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.

·        Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін  киіп келеді.  

 

2.   Жалпы тәртіп ережелері.

·              Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза күйінде сабақ басталар алдында 10 минут  қалғанда кешікпей келулері керек.

·              Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін шешіп екінші аяқ киімдерін киеді, шаштарын әдемілеп, киімдерін дұрыстап, сыныпқа кіріп оқу құралдарын дайындап мұғалімді күтіп отырады.

·              Өрт қауіпсіздігі, Жол ережелерін оқып, біліп және со Ережелерді сақтауға міндетті.

·              Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.

·        Оқушылар, үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге оларға керек болғанда көмектесуге; мектептің, өзінің және басқаның мүлігін сақтап, ұқыптылықпен қарауға: мұғалімдердің және мектептің басқа жұмыскерлердің талаптарын орындауға міндетті.

·        Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз»  деп сөйлеседі.

·        Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп; кішкентай оқушыларды алдымен жіберулеріп және де ұлдар  қыздарға жол берулері керек.

·        Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.

·        Оқушыларға: сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайды; мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын  заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.

·        Мектепте: оқушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті болғандықтан, терезенің алдына мінуге, шкафтардың үстіне шығуға, баспалдақтың таянышымен сырғанақ тебуге, басқа оқушыларды итеруге; мектептегі шаруашылық бөлмелерінің есігін ашып-кіруге; электрлік шкафтарды ашуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;

3.   Сабақ кезінде.

 

            Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрулары керек.  Олар амандасқаннан соң және мұғалімнің рұқсатынан кейін орындарына отырады. Осылай оқушылар сабақ кезінде сыныпқа кіріп келген әрбір кісімен амандасып қарсы алулары керек. Мұғалім немесе басқа адам сыныптан шыққаннан кейін де оқушылар орындарынан тұрулары керек.

Сабақ кезінде мұғалім сабақтағы тәртіп ережесін өзі орнатады.

Сабақ үстінде шулауға, өзі басқа нәрсеге алаңдап және де жолдастарын да сөзге тартып, ойынмен алаңдатуға болмайды.

Егер оқушы бірдеңе айтқысы, сұрақ қойғысы келсе, ол қолын көтеріп, мұғалім рұқсат берген соң сөйлеуі керек. Мұғалім басқа да тәртіп ережелерін қоя алады.

Сабақ аяқталған туралы қоңырау мұғалім үшін соғылады. Ол сабақ аяқталуының дәл уақытын белгілеп оқушыларға оның аяқталғаны туралы хабарлайды.

Егер оқушы мектептегі сабақты қалдырса, ол сынып жетекшісіне медициналық анықтаманы немесе ата-анасынан қысқаша хат әкелуі керек. Сабақты дәлелді себепсіз қалдыруға немесе сабаққа кешігіп келуге рұқсат етілмейді.

4.   Үзілісте және сабақ аяқталғаннан соң.

 

Үзіліс кезінде оқушылар: өздерінің жұмыс орнын қалпына келтіріп қоюға; сыныптан шығуға; кезекші мұғалімдердің және де басқа жұмыскерлердің талаптарына бағынуға міндетті.

Үзілісте: баспалдақтармен жүгіруге, терезе ойығы, шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде жақын, бір-бірін итеріп, заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман, былапыт сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға, басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.   

Асханада болғанда оқушылар: ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары керек; асханадан алған немесе үйлерінен алып келген тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек; мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынады: тамақты кезекпен алады: тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.

 5. Мектеп маңайындағы тәртіп.

Мектеп маңайы мектептің бөлігі болып есептеледі (мектеп учаскесі).

Мектеп учаскесінде оқушылар: оның алыңының шегінен шықпай; жалпы тәртіп ережелерін сақтап жүрулері керек.

5.   Соңғы ереже.

Осы Ережені және мектеп Жарғысын бұзғаны үшін, оқушыларға мектеп Жарғысында қарастырылған тәртіп және тәрбиелеу шаралары қолданылады.

Осы Ережелер мектептен тыс өткізілетін барлық шараларға  да таратылады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Заңымен, кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында балалар қаңғыбастығының алдын-алуға бағытталған құқықтық шараларының кешені қарастырылып жатыр.

  336-3 бап. Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық мекемесінде жүруі.

 

1.           Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта  (сағат  22 ден таңғы  6 -00ге дейін) – ойын сауық мекемелерінде заңды өкілдерінсіз жүруі, - заңды өкілдеріне ескерту салынады.

2.         Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, жыл бойы әкімшілік айыппұл салғаннан кейін қайталап жасалса, заңды өкілге бес айлық есеп көрсеткіштен он айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл салынады.

336 бап. Спирт ішімдіктерін ішіп немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келу.

1.     Спирт ішімдіктерін көшеде немесе қоғамдық орындарды ішу, сауда ұйымдары мен қоғамдық тамақтанудан басқа, жергілікті атқару органдары рұқсат берген жерлерде спирт ішімдіктерін сату, немесе қоғамдық орынға мас күйінде келу, адамның қадір – қасиетін немесе қоғамдық имандылығын қорлау, - бір айлық есеп көрсеткішімен айыппұл салынады.

2.     Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, жыл бойы әкімшілік айыппұл салғаннан кейін қайталап жасалса,- бір айлық есеп көрсеткіштен екі айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл салынады.

 

3.     Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, тұлғамен жасалса, спирт ішімдіктерін ішіп немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келгені, жыл бойы екі рет әкімшілік жазаланғаны расталса,- екі айылық есеп көрсеткіштен бес айлық есеп көрсеткішке дейін айыппұл салынады, айрықша жағдайда, егер бұзушылық тұлға есебінен істің мән – жайы бойынша шара жеткіліксіз деп саналса, мерзімі он бес күн әкімшілік тұтқындау.

 

 

<! - [ENDIF] ->

Қоңырау кестесі

 

 

 

 

Ұлдар кеңесінің жиналысы

 

 


 


 

 

 


 


 


ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ 

ДАЙЫНДЫҚ ОНЛАЙН САЙТТАР

 
http://ustudy.kz/kk

 
http://5plus.kz/


 



 

 


 


 


 



Категория: Оқушыларға