Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мұғалімдер

Автор: admin от 14-05-2016, 02:37, посмотрело: 1190

50

 Қазыбек би атындағы №67 ЖОМ мұғалімдері

 

Аттестация кезінде комиссия мүшелерімен түскен сурет

 

Қазыбек би жалпы орта мектебінің алдында

 

 


 

 

 

 


 

 

Категория: Мектеп

 

Қазыбек би атындағы №67 жалпы орта мектебінің тарихы

Автор: admin от 14-05-2016, 01:39, посмотрело: 1049

44

 Қазыбек би атындағы №67 жалпы орта мектебінің тарихы

 

         1959 жылдары ауылымызда алғаш рет өзбек мектебі ашылды. Мектептің директоры болып Муратов Балтабай басшылық етті.

1962 жылы Бастауыш мектеп Н.Островский атындағы сегіз жылдық мектебі болып ауысты. Осы сегіз жылдық мектепке Әбдіразақов Мадмурат директор болды.

                1963-1964 жылы Бүркітбаев Бұлтбай деген кісі директор болып қызмет атқарды.

                1965-1971 жылдары Жарасов Махсымхан директор болды. Жарасов Махсымханбасшылық қызмет атқарып жүрген кезде Н.Островский атындағы өзбек мектебі қазақ мектебі болып өзгертілді.

                1972 жылдан 1981 жылға дейін Жарасов Қалмұхамедәлі директор болып қызмет атқарды. Жарасов Қалмұхамедәлі басшылық еткен жылдары мектепке жоғарғы білімді мұғалімдер жұмыс істеді, сырттай оқығандар болған жоқ.

                1981 жылдан 2004 жылдарға дейін Бастарбеков Құралбай басшылық етті. Бастарбеков Құралбайдың кезінде 1995 жылы Н.Островский атындағы мектеп №40 Қазыбек би атындағы жалпы орта мектеп болып өзгертілді.

                2004 жылдан 2007 жылға дейін Қалыбеков Абен директор болды.

                2007 жылдан 2013 жылға дейін Таленов Ербол Максутович директор болды.

                1.09.2013 жылдан бері Бегимкулов Сырлыбай Каибилович басшылық етіп жатыр.

3. Мектеп мұғалімдері туралы мәлімет –

Мектепте – 47 мұғалім, 100% жоғары білімді.

Жоғары санатты -2, І санатты мұғалім – 19, ІІ санат – 22, санатсыз-4.

4. Мектеп оқушылары туралы мәлімет –

Мектепте – 304 оқушы, 33 – үздік, 104-жақсы оқушы.

5. Жылдар бойы мектепті жақсы бітіріп, жетістіктерге қол жеткізген түлектер туралы қысқаша мәлімет –

2012-2013 оқу жылында физика пәнінен - Әшірәлі Олжас 9-сынып ІІІ орын.

2013-2014  олимпиада  физика пәнінен – Тәлен Дәурен 10 сынып оқушысы

ІІІ орын алды. Тіл дамыту орталығы «Мемлекеттік тіл- менің тілім» Мажитова Ұлжан І орын алды.

2014-2015 оқу жылы  олимпиададан  Қазақ тілінен – Уәсіл Дария 10сынып оқушысы ІІІ орын, Тарих пәнінен – Өткір Әсем ІІІ орын, информатика пәнінен – Серікбай Өскенбай ІІІ дәрежелі диплом алды.

<!-- [if !supportLists] -->1.       <!-- [endif] -->Мектептің соңғы 3 жылдағы қол жеткізген жетістіктері туралы қысқаша мәлімет –

2012-2013 оқу жылында еңбек пәнінің мұғалімі-Сұраншбекова Ақмарал «Мінсіз қызметі үшін»,орыс тілі пәні мұғалімі – Қыдырбаева Назира «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған.

2013-2014 оқу жылында ағылшын тілінің мұғалімдері – Көбеева Гауһар, Исмаилова Клара, орыс тілі пәнінің мұғалімі-Бурханова Бибайша, қазақ тілінің мұғалімі – Маликова Баян «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған.

2013-2014 оқу жылында Үздік мұғалімнің үздік сабағы Орыс тілі пәнінің мұғалімі – Қыдырбаева Назираның «Интеллектуальная игра по русскому языку и литературе» тақырыбындағы сабағы кітапқа шықты.

Физика пәнінің мұғалімі – Құранова Сұлушаштың «Импульстің сақталу заңы» тақырыбындағы сабарғы кітапқа енді.

2014-2015  оқу жылында  «ОҚО ардақты аналар кітабына » Айтжанова Назира,Бурханова Бибайша  апайлар енген.


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

Категория: Мектеп

 

Елбасының қанатты сөздері

Автор: admin от 14-05-2016, 00:23, посмотрело: 1313

63

 

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


 


 «Білімді жас — ел ертеңі»

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай – 20 қадам

Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін еңбектеніп келеді. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы — Мен жастарға сенемін» дегендей, бүгінгі қоғам, қазіргі нарық  бәсеке заманын талап етіп отыр. Жүректерінде жалыны, бойларынан күштері бар жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға шошып қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Пентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басып келеді. Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.

Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында екені даусыз. Сондықтан, ата-бабамыз «Бұлақ көрсең көзiн аш» деп, тегін айтпаса керек.

Қазіргі таңда жастарды бiлiмге бағыттау аса маңызды мәселе болып отыр. Елбасы: «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп, өзінің Назарбаев Университетіндегі «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісінде айтқан болатын.

Бүгінгі таңда, жастардың тәртіпті әрі белсенді, оташыл болып өсуіне де баса назар аударылып, Қ.А.Ясауи атындағы халық­аралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің оқытушы профессорлар құрамы студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, заң органдарының қызметкерлерімен кездесулер, пікірсайыстар өткізуде.

Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Сондықтан, жастарымыз Тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп алға ғана ұмтылу керек.

Қазіргі жаһандану заманында Қазақстан Республикасы – жастардың бiлiм мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Осы тұста Елбасының мына бір сөзін айта кетудің орны ерекше: «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа». Сондықтан, жастарға ЖОО-да бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге даярмыз.

«Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» деген өсиетпен басталған пікірсайыс ел Президенті «Бұл заман-білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деп айтуы тегін емес.

Президенттің сәуірде өткен Қазақстан халқы ассамблеясының отыры­сында қойған «жастардың рөлін арттыру» туралы тапсырмасы аясында 2020 жылға дейінгі «Жастар саясаты тұжырымдамасы» бекітілетіндігі бәрімізге мәлім. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік жастар саясатын реттейтін, қазіргі заман талабына жауап беретін жаңа заңнама қажеттігін атап көрсеткен болатын. Қазіргі таңда, бұл бағыттар бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңының жобасы Мәжілісте талқылануда. Оған депутаттар 127 ұсыныс қосып, нақты шаралармен нығайтпаққа ниеттенуде. Оның ішінде 57 бап қаржы шығындауды талап етеді. Атап айтқанда, студенттерді оқу кезінде жатақханамен қамтамасыз ету, олардың жолақыларын ең кем дегенде 50 пайызға өтеу, жастар тәжірибесі және басқа да жайттар. Дегенмен осы жерде мына бір мәселеге назар аударған дұрыс сияқты, Қазақстан халқының жас бөлігінің күткені – «жас­тар» санатына кіретіндердің жасын ұл­ғайту мәселесі. Себебі, қазіргі жастар табысты жұмыс тауып, аяққа тік тұрып кетпейінше, отбасы құрмауға тырысады. Нәтижесінде кеш үйленеді. Ал ел Үкіметі болса, «жас отбасылар» санатына кіретін жанұялар қатарын «ерлі-зайыптының екеуі де 29-дан аспаған болуы керек» деп, шектеп отыр. Осының кесірінен, көптеген жас отбасылар «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының қызығын көре алмайтын болды. Бұл олқылықты жою үшін депутаттар «жас отбасылар» санатына кіретіндердің жасын 32-35-ке дейін көтеру мәселесін көтерген болатын. Қазіргі таңда «Жастар қатарына елімізде қазір тек 14 пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтар ғана кіреді екен. Қазір депутаттар ол жасты ұлғайту мәселесін көтеруде. Ол әлі жоба күйінде.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға ілгерілетіп қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана мемлекетті дамытуға үлес қоса алады. Отансүйгіш, патриот мемлекет жастары болмаған елдiң болашағы бұлынғыр.

 


 

 

 

 


 


 


 


 


 

 

Категория: Мектеп